Автомобиль рылымы саба жоспары

Құрастыру сабақ жоспары жүк машинасы

Тақырыбы: Жүк машинасы.

Мақсаты: Құрылыс материалдарымен таныстыру және жүк машинасын құрастыру, құрылыс материалдарын пайдалануға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту арқылы сүт таситын машина құрастыра білуге үйрету.

Керекті құралдар: әр балаға жеткілікті мөлшерде құрылыс материалдары, суреттер, әліппе-дәптері.

Әдіс тәсілдері: үлгіні талдау, көрсету, түсіндіру, машиналарды салыстыру.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: ойыншық машиналармен ойын ұйымдастыру. Қала (ауыл) көшелеріне саяхат жасатып, көлік түрлерін бақылату.

Сабақтың барысы: тәрбиеші бірнеше көлік түрлерінің суреттерін көрсетіп, қандай машиналар не үшін пайдаланылатынын әңгімелейді (жеңіл машина, автобус, сүт таситын машина, т.б.) Осылардың ішінде жүк машинасына ерекше тоқталып, жеке бөліктеріне талдау жасайды. Қандай бөліктері бар? Қорабы, кабинасы, дөңгелегі қандай? Сызба үлгі арқылы суретті сипаттап айтқызып, әліппе-дәптердегі суретті реті бойынша қалай құрастыру қажеттігіне тоқталады. Ұсынылған тапсырмаларды орындауға бағыт беріледі. Құрылыс материалдарын пішініне, көлеміне қарай таңдап алып, жүк машинасының бөліктеріне сәйкес орналастыруға ұсыныс жасайды. Әліппе-дәптердегі суреттерге талдау жасалады.

— алдымен екі деңгелек қойылады; (цилиндр пішінді бөренелер);

— дөңгелектің үстіне пластина орналастырылады (жұқа тақтайша);

— кабинасы төрт бірдей қысқа кірпіштерден жасалып, үшеуі қатар қойылады да, біреуі ортадағы кірпіштің үстіне орналастырылады;

— ол кірпіштердің үстіне шетін ала тігінен екі кірпіш, олардың үстіне көлденең екі кірпіш орналастырылады;

— жүк таситын қорабы екі ұзын кірпіш, бір қысқа кірпіштен құралады;

— балалар іс-әрекетіне басшылық жасалып, кейбір балаларға көмек көрсетіледі;

— балалардың өздігінен дербес шығармашылықпен әрекет етуіне бағыт беріледі;

— 93 ойларынан қосып, бөліктерді толықтырып, жүк машинасын тал а пқа сай құрастырған еңбектер мадақталып, ерекше аталып ө теді.

Отырамын рөлде, Сенімен тасимын,

Моторым, гүрілде. Көмір мен тасың д ы.

Ойыншығым — машинам, Таудай ғып артамын,

Тарт алға асыға. Бидай мен арпанды.

Балаларға көлік түрлерінің пайдасы, ерекшелігі, не үшін қолданылатынын әңгімелетіп, өздері білетін тақпақтар мен жұмбақтарын айтқызып, сабақты қорытындылайды.

Ескерту: Жүк машинасын сүт таситын машинаға өзгерту үшін құрылыс материалының бөліктерін ауыстыру арқылы жасалу жолдарын түсіндіреді.

Мысалы: жүк машинасының қорабын жасаған үш кірпіштің орнына дөңгелек цилиндр пішінді құрылыс материалы қолданылады.

Источник статьи: http://infourok.ru/rastiru-saba-zhospari-zhk-mashinasi-814296.html

Автомобиль кузовы мен қаңқасы

«БАЙҚОҢЫР «КОСМОС» КОЛЛЕДЖІ» БІЛІМ МЕКЕМЕСІ

«Бекітемін» Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Дауленбаева Ш. А » » 2015

Тақырыбы: «»
Жауапты арнайы пән оқытушысы: Тлегенов Даурен Аманжолович

Өткізілетін уақыты: 31. 10. 2015 ж
Тобы: А-131
Курсы: 3

Колледж әдіскері: Турмаханова Р. А

Арнайы пәндер бірлестігінің жетекшісі: Назарова Ш.Е

Байқоңыр қаласы, 2015 жыл
Байқоңыр Космос коледжінің арнайы пән оқытушысы Тлегенов Даурен Аманжолович
Сабақ тақырыбы: Автомобиль кузовы мен қаңқасы
Білімділік мақсаты: Тақырыпты өткен сабақтармен байланыстыра отырып, студенттердің білімін пысықтау, Автомобиль кузовы мен қаңқасы мен олардың қызметтерін және айырмашылықтарын ажырата білу
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, көргендерін еске сақтап, оны қайта жаңғыртуға үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Модульдік технология бойынша сабақ барысын ойын арқылы, студентердің өзіндік ізденістерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, видео таспа, сұрақ жауап слайдтары.
Сабақ барысы:
* Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу. Сыныпты түгендеу.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру: оқу құралдары
* Өткен сабақты пысықтау
Дифференциал — айналдырушы иінді күшті жетектегі екі білік арасында берілген катынаста бөліп, олардың Әртүрлі бұрыштық жылдамдықпен айналып қозғалуын камтамасыз ететін күштік берілістің механизмі.
Жаңа сабақ тақырыбы: Автомобиль кузовы мен қаңқасы
Кузов түрлер
Шанақ (Кузов) — Жолаушы мен жүкті тасымалдауға арналған көліктің құрамдас бөлігі. Шанақ көліктің рамасына бекітіледі. Рамасы жоқ шанақтардың түрлері де болады. Оларға көліктің қалған құрамдас бөліктері бекітіледі. Жеңіл көліктердің кең таралған шанақ түрлерін қарастырайық.
Минивэн — көліктің рөлі машинаның алдыңғы білігінің тура үстінде орналасқан, біркөлемді, жолаушыларды тасымалдауға арналған шанақ түрі. Бұл анықтамаға жапондық және корейлік көліктерді жатқызуға болады.

Кабриолет — жиналмалы төбесі бар шанақтың түрі. Жұмсақ жиналмалы тент пен шешілмелі бүйір терезелермен жабдықталады. Халықаралық классификацияға байланысты бұл көліктің бүйір терезелері түсірілмелі емес, шешілмелі.

Купе — екі немесе үш көлемді есіктері бар жолаушылар шанағы. Бір негізгі немесе бір негізгі және бір қосымша отырғыштар қатарымен жабдықталады.

Лимузин — жолаушылар шанағы, бірінші мен екінші қатарлардың арасында қорғаныс қалқасы болады. Германияда бұндай шанақты көліктерді Pullman деп атайды. Кейде лимузин деп құрамында 3 тен кем емес отырғыштар қатары болатын көлікті атайды.

Пикап — жолаушы мен жүкті тасымалдауға арналған шанақ түрі. Жүкті орнату платформасы ашық түрде орындалған. Көлік кабинасы мен жүк салғыш стационарлы қалқамен ажыратылған.

Родстер — ашық, екі орынды жолаушыларға арналған шанақ түрі. Алынбалы, жұмсақ төбесі болады.

Седан — үш көлемді, төрт есігі бар көлік шанағының кең таралған түрі. Шет елдерде басқа атауларға ие: АҚШ — Sedan, Англия — Saloon, Франция — Berline, Германия — Limousine, Италия — Berlina.

Универсал — үлкен көлемді жүкті тасымалдайтын орны бар жолаушылар шанағы. Артқы отырғыштар қатарын алып тастауға болады. Соның салдарынан жүк салғыштың көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Екі көлемді, артқы есігі бар шанақтың жүк салғыш орны жолаушылар салонынан қалқамен қоршалмаған.

Фургон — шанағы жабық жүк көлігі. 2. Жүк пен жолаушыны тасымалдайтын көліктің шанағы. Жолаушы мен жүк орындары бір-бірінен қалқамен қоршалған. 80-90 жылдары қосымша отырғыштар мен бүйір тереземен жабдықталған көліктер үлкен сұранысқа ие болған. Басқа атаулары: Англия — Van, Германия — Kastenwagen, Франция — Fourgonette.

Хэтчбек — универсалға ұқсас шанақ түрі. Айырмашылығы еңкейтілген артқы есігінде, сондықтан жүк салғыштың көлемі де кішірек болады.

Қорытындылау.
Жаңа материал бойынша сұрақтар қою:
Машинаның жалпы құрылысы неше бөліктен тұрады?
Жұмыстан қорытынды шығару. Топ қалай жұмыс істеді. Студенттер қандай жаңа нәрсені үйренді. Қай студент ерекше тырысты. Студенттерді салыстырмалы түрде бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Автомобиль кузовы мен қаңқасы. Қазіргі таңдағы жаңа көліктерде қолданысқа енген бөлшектерді іздеу?. Бөлшектердің тозуын алдын алу шаралары.

Источник статьи: http://stud.kz/sabak-zhospary/id/11616

Маңғыстау әдебиеті пәнінен «Автомобиль» (Ә.Кекілбаев) тақырыбына арналған сабақ жоспары (7-сынып)

Для дошкольников и учеников 1-11 классов

Рекордно низкий оргвзнос 25 Р.

7- сынып Маңғыстау әдебиеті Күні: 2.05

Сабақтың тақырыбы: Ә.Кекілбаев «Автомобиль» хикаяты. Жақан – еңбек адамының жарқын бейнесі.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды кейіпкер дүниесін талдауға үйрету; еңбекқорлыққа тәрбиелеу; тіл байлығын дамыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, ой қозғау, тілдік талдау, ой-толғаныс.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

Автомобиль хикаяты қандай тақырыпқа жазылған?

Шығарманың идеясы не?

«Әкең өлсе де, әкеңді көргендер өлмесін» деген сөздің шығармаға қатысы бар ма?

Шығарманың кейіпкерлерін ата.

Шығармадағы Ә. Кекілбаев тілінің ерекшелігі неде?

Жақан – өмірде болған шопыр. Қобылан Зоранов деген еңбек адамының прототипі.

IV . Ой қозғау сұрақтары.

Шығарманың басында Жақан кім еді?

Ол қалай еңбек адамына айналды?

Жақанның жасық мінезі неге байланысты деп ойлайсыңдар?

V. Тілдік талдау.

Шығармада кездесетін дилект сөздер: мұшқау – сөзбен қағытып, сынап алу. Шатпа – жер үй, лашық.

VI. Кластер әдісі.

VII. Ой-толғаныс. Арнау хат

Почему подростки хотят работать и как подросткам правильно зарабатывать: психологический и юридический аспект

2 – 4 марта 2021г 19:00 (МСК)

Свидетельство каждому участнику

Скидка на курсы для всех участников

Номер материала: ДБ-1180444

Не нашли то что искали?

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Ответственность за разрешение любых спорных моментов, касающихся самих материалов и их содержания, берут на себя пользователи, разместившие материал на сайте. Однако администрация сайта готова оказать всяческую поддержку в решении любых вопросов, связанных с работой и содержанием сайта. Если Вы заметили, что на данном сайте незаконно используются материалы, сообщите об этом администрации сайта через форму обратной связи.

Все материалы, размещенные на сайте, созданы авторами сайта либо размещены пользователями сайта и представлены на сайте исключительно для ознакомления. Авторские права на материалы принадлежат их законным авторам. Частичное или полное копирование материалов сайта без письменного разрешения администрации сайта запрещено! Мнение администрации может не совпадать с точкой зрения авторов.

Источник статьи: http://infourok.ru/maistau-debieti-pninen-avtomobil-kekilbaev-tairibina-arnalan-saba-zhospari-sinip-2601475.html

Открытый урок на тему: Автомобильдың жалпы құрылысы.

Тақырыбы: Автомобильдың жалпы құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Автомобильдің жалпы құрылысымен таныстыру.

Білімділік: Оқушыларға еңбек ұйымдастыру түрлерін және олардын

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттеріндамытып, ой-өрісін

кеңейтіп, ойларын тұжырымдай білуге дағдыланады.

Тәрбиелік: Уақытты бағалауға, өз бетінше жұмыс істеуге, ұқыптылыққа

Сабақтың түрі: Құрастырылған.

Қолданылатын көрнекіліктер: Проектор, плакаттар, автомобиль ЗиЛ-130

Оқулықтар: П. Жүніспеков «Автомобильдың құрылысы және пайдалануы»

Ю. Чумаченко «Автослесарь»

I. Ұйымдастыру бөлімі: 3 мин.

Журнал бойынша оқушыларды тексеру .

II. Өткен сабақты қайталау: 10 мин.

Үй тапсырмасын тексеру, білімдерін анықтау.

Автомобильдің техникалық сипаттамасы

III. Жаңа тақырыппен таныстыру: 25 мин.

Оқытушының түсіндірмесі, әңгіме, оқулықпен жұмыстану, көрнекіліктерді

1. Автомобильдердің негізгі бөліктері

2. Автомобиль кузовінің арналуы

3. Қозғалтқыштың басты қызметі

4. Автомобиль шассиінің қызметі, құрылысы

Автомобиль –механизмдер мен жүйелер жиынынан тұратын күрделі машина. Олардың конструкциясы әркелкі болуы мүмкін. Дегенмен ,көпшілік автомобильдерде негізгі механизмдердің жұмыс әрекеті мен құрылыс принциптері бірыңғай болып келеді.

Механизмдердің қызметі мен өзара орналасуына байланысты автомобильдерде кұрастыру жағы көбіне ортақ болып келеді.

Әрбір автомобильде негізгі бөліктерді үш жұпқа бөледі: кузов, қозғалтқыш және шасси.

Кузов –тасымал жүкті орналастыру үшін қажеттілік қызметін атқарады. Жеңіл автомобиль мен автобуста кузов жолаушыларды және жүргізушіні орналастыру үшін қызмет атқарады. Жүк автомобильдерінің кузовы жүк тиейтін платформадан жүктік кузов және жүргізуші кабинасынан тұрады.

Қозғалтқыш –жанармай жанғандағы жылу энергиясын механикалық энергияға айналдырады. Осындай энергияны айналдыру қорытындысында қозғалтқыштың иінді білігін айналысқа келтіріп, механизмдер қатары арқылы айналу моментін автомобильдің жетекші доңғалақтарына жеткізіп отырады. Көпшілік автомобильдерде порьшенді бензинді немесе дизельді қозғалтқыштар қолданылады. Көбіне қозғалтқыш автомобильдің алдыңғы жағына орналастырылады.

Шасси – мынандай бөлшек, механизм және жүйе топтарын біріктіреді: трансмиссия, аспалы жүйе (несущая система), белдік (мосты), аспа (подвеска), доңғалақ, рульдік басқару және тежегіш жүйелері.

Трансмиссия – қозғалтқыштың білігінен жетекші доңғалақтарға айналдыру моментін жеткізеді және түрлендіреді. Трансмиссияға кіретіндер: ілініс, беріліс қорабы, карданды беріліс, басты беріліс, дифференциал және жарты осьтер.

Автомобильдің бензин қозғалтқыштарының дизель қозғалтқыштарынан басты айырмашылығы иінді біліктерінің айналу жылдамдығында. Дизель қозғалтқыштарының минутына айналу саны 1000 мен 5000-ның арасында болады,ал бензин қозғалтқыштарының 1000 мен 12000 айн/мин. Арасында болады. Осының арқасында автомобильдің бензин қозғалтқыштарының көлемі кішірек әрі жеңілірек болып келеді.

Автомобильдің трансмиссиясы беріліс механизмдерінен тұрады. Автомобильдің шассиі жүріс бөліктерінен тұрады.

IV. Материалды пысықтау: 5 мин.

1. Автомобиль негізі неше бөлшектен тұрады?

2. Кузов, козғалтқыш және шасси қандай қызмет атқарады?

3. Автомобиль шассиінің қызметі, құрылысы?

V. Қорытынды бөлімі: 2 мин.

П. Жүнісбеков «Автомобильдің құрылысы және пайдалануы» 20-23 бет.

Источник статьи: http://infourok.ru/otkritiy-urok-na-temu-avtomobildi-zhalpi-rilisi-1651782.html

САБАҚ ЖОСПАРЫ МАШИНА ТІГІСТЕРІН ЖАСАУ

Для дошкольников и учеников 1-11 классов

Рекордно низкий оргвзнос 25 Р.

дир. ӨОЖ орынбасары

Бағдарлама жоспары: 4. Машина тігістерін жасау.

Сабақ тақырыбы: 5. Безендіргіш машина тігістерін тігіп үйрету.

Білімділік : Технологиялық реттілік пен техникалық жағдайларды қатаң сақтай

отырып, безендіргіш машина тігістерін тігіп үйрету барысында

практикалық дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушыларды өндірістік жұмыс орнында теориядан алған

Тәрбиелік: Оқушыларды жұмыс барысында ұқыптылыққа, шыдамдылыққа,

жолдастық көмек пен өзін – өзі бақылай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың материалдық жабдықталуы: Бор, сызғыш, күнделік, Тігін машиналары.

Сабақ түрі: Машина тігістерін тігіп үйрену сабағы .

І. Ұйымдастыру бөлімі – 5-6 мин.

Жоқ оқушыларды белгілеу.

Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Кіріспе нұсқау:

Жиекті тігістердің түрлерін ата?

Жиектеп тігу тігісінің түрлері және қолданылуы?

Бүгіп тігу тігісінің түрлері және қолданылуы?

Жөрмеп тігу тігісінің түрлері және қолданылуы?

Тігістердің сапасы қандай техникалық шарттарды сақтауы тиіс?

Тігісті орныдау ережесі?

Сабақ тақырыбы мен мақсытын хабарлау:

Безендіргіш машина тігістерін тігіп үйрету.

Жаңа материалды баяндау: Безендіргіш тігістердің түрлері киімнің негізгі бөлшектерін безендіруге қолданылады, безендіргіш тігістерін арнайы тігін машиналарында орындайды. Безендіргіш тігістерге бедерлі, шеттікпен, қатпарлы тігіс жатады. Бөлшек пен бұйымды сәндеуге бекітпе, түймелік, түйме мен ілгек қадау және сәндік инешаншымдар кіреді.

Бедер тігісінің 5 түрі болады: бүгіп тігу, қайырып тігу, баумен қайып тігу, бүкпелі және бастыра тігу. Бедерлі тігістердің бүктелген, бүкпелі және бастырылған түрлері кеңінен қолданылады.

Бүгілген бедерлі тігіс оң бетінен бүгілген сызықтан 0,1 – 0,5 см қашықтықта бүгіп тіккенде пайда болады.

Баумен қайып тігу

Бедері үлкендеу болу үшін екі тігіс арасында таспа өткізілетін болса, онда астынан қосымша қойылады. Машина табанына қосымша ойыс жасалып, екі инелі қайықты машинада орындалады.

Бедерлі бүкпе безендіргіш тігістердің сыртқы көрінісі сырып және бастыра тігетін тігістерей. Бүкпе тігістің біріккен тігістен айырмашылығы – тұтас бір бөлшекте орындалады. Әйел мен балалар киімінің алдыңғы, артқы бойы, жеңі, қалтасында жай және күрделі бүкпе сәндік тігісі қолданылады.

Жай бүкпе тігісте бөлшектің теріс бетіне тігіс сызығын белгілейді де, осы сызық бойынша матаны бүгіп және бүгілген сызықта 1,5 – 2 мм арақашықтықта астанан қосымша матаны қоя отырып, бүгіп тігеді. Тігісті айыра үтіктейді немесе жатқыза үтіктейді. Егер үлгісі бойынша сәндік тігісін талап етсе, оң бетінен орындайды.

Күрделі бүкпе безендіргіш тігісте бөлшектің оң бетінен сызықты белгілейді және астына қосымша матаны қоя отырып тігіс жүргізеді. Бөлшек пен қосымшаны екі жаққа бүгіп және бөлшектегі тігістен 1,5 – 2 мм арақашықтықта бүгіп тігеді, оң бетінен сәндік тігісін жүргізеді.

Шеттік тігістері негізінен әйелдер киімінде және ведомстовалық киімдерде қолданылады.

Алдымен қиықтарын теңестіріп жиекті жапсырып тігіп алады тігіс ені 0,5 – 1 см, одан соң екінші бөлшекті үстіне қойып қиықтарды теңестіріп бірінші болшектен сол тігістің үстінен немесе жанынан екінші тігіс жүргізеді. Тігістерді айыра үтіктейді.

Қиықтарды теңестіріп жиекті жапсырып тігіп алады тігіс ені 0,5 – 1 см, одан соң екінші бөлшекті үстіне қойып қиықтарды теңестіріп бірінші болшектен сол тігістің үстінен немесе жанынан екінші тігіс жүргізеді. Тігісті жатқыз үтіктейді, оң жақ бетінен безендіргіш тігіс жүргізеді тігіс ені 0,1 – 0,5 см, немесе модельдің үлгісіне байланысты.

Қиықтарды теңестіріп жиекті жапсырып тігіп алады тігіс ені 0,5 – 1 см, одан соң екінші бөлшекті үстіне қойып қиықтарды теңестіріп бірінші болшектен сол тігістің үстінен немесе жанынан екінші тігіс жүргізеді, тігісті жатқыза үтіктейді жиек шығарып.

Жаңа тақырыпты игеру байланысты еңбек тәсілдерін көрсету:

Безендіргіш тігістердің тігілу әдістерін көрсету. (бедерлі тігіс, шеттік тігіс)

Еңбек тәсілдерін көрсеткенде оқушылар назарын аудару:

Тігістердің тізу тігілуіне назар аудару. Тігістердің ендері бірдей болуына назар аудару. Машинамен тіккен кезде қолдың дұрыс орналасуына назар аудару .

Кіріспе нұсқаудың жаңа материалы бойынша білімдерін пысықтау:

Безендіргіш тігістердің түрлерін атап айтыныз?

Безендіргіш тігістердің түрлерін киім дайындауда қолданылуы?

Тігістің басында және соңында не қойылады?

Бекітпе ұзындығы және не үшін қажет?

Бекітпе қай тігісте қолданылады?

ІІІ. Жаттығулар мен оқушылардың өз бетімен жұмыстандыру: (155-165 мин)

Оқушылар көрсеткен безендіргіш тігістерді өз беттерімен орындайды.

ІV. Соңғы нұсқау: 25 мин.

Өндірістік оқыту сабағын қорытындылау. Бүгінгі сабақта оқушылар безендіргіш тігісті тігіп үйренді.

Источник статьи: http://infourok.ru/saba-zhospari-mashina-tigisterin-zhasau-1089655.html

Читайте также:  Каков импульс легкового автомобиля массой 1 т движущегося
Оцените статью